Колумбияда мектепті лай басып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияның Тапарто елді мекенінде лай көшкіні жүріп, жергілікті мектепті басып қалды.

 15 Шілде 2022 2022, 21:55
15 Шілде 2022 2022, 21:55
1210

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияның Тапарто елді мекенінде лай көшкіні жүріп, жергілікті мектепті басып қалды. 

Бұл туралы Хабар24 жазды.

Табиғи апаттан 3 бала көз жұмды, үшеуі жарақат алған. Құтқаршылардың мәліметінше, сел жүрген кезде мектепте 22 оқушы мен мұғалімдер болған. 18 адам, оның ішінде он жеті оқушы мен мұғалімі аман қалған. 

Ұлттық әскер, полиция мен жергілікті тұрғындар бірлесе құтқару операциясын жүргізіп жатыр.
 

Наверх