Колумбия астанасында карантин күшейтілді

7 Қаңтар 2021, 07:49
1697
Бөлісу:
Колумбия астанасында карантин күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбия астанасында індет күшейіп, шаһардың бірқатар ауданында карантин қатаңдатылды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Жаңа тәртіпке сай Боготаның үш ауданында азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа барлық сауда орындары мен кәсіпорындар жабылды.

Жергілікті билік шетелден саяхаттап келген тұрғындарды 1 аптаға оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуге шақырды. Себебі соңғы аптада шаһарда күн сайын 11 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Қаладағы ауруханалардың жартысына жуығы науқастарға толған. Билік қысқы демалыстан кейін вирус тіпті өрши ме деп алаңдап отыр.

Айта кетейік, Колумбияда індет басталғалы 1 миллион 600 мыңнан аса адам вирус жұқтырған.

Мен бұл шешімге қарсымын. Себебі шаһар карантиннен шыққанына көп уақыт өтпей жатып, шектеулерді қайта енгізу дұрыс емес. Оның үстіне шара қаланың барлық ауданында бірдей енгізілмеген, - дейді жергілікті тұрғын Джоанна Парра.

Өзгелердің жаңалығы