Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

1 Қазан 2020, 19:32
6478
Бөлісу:
Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде жеңіл салынатын конструкциялардан қазіргі заманғы визит орталықтар, глэмпинктер, кемпингтер, этноауылдар мен керуендерге арналған орындар салынады. Оған қоса туристік маршруттар мен соқпақтарды дамытуға басымдық беріледі.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Кеше ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен өткен жиында «Көлсай көлдері» ұлттық паркін дамыту тұжырымдамасы таныстырылды.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Аталған ұлттық мемлекеттік табиғи парктің Бас директоры Данияр Тұрғанбаев туристерге жайлы болу үшін бірқатар нысан салынатынын жеткізді. 

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Алайда, ғимараттардың барлығы парктен шеткері жерге салынбақ.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Экологиялық туризм – бұл ұлттық байлықты сақтап қана қоймай, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуіне үлкен мүмкіндік беретін туризм және демалыс. Бүгінгі таңда ұлттық парктердің әлеуеті Қазақстан азаматтарына ғана емес, шетелден келген туристердің назарын аудартуда. Туристердің ұлттық парктерге келуі жыл сайын өсуде, алайда қажетті инфрақұрылымның болмауынан экотуризм тиісті деңгейінде дамымай отыр, - дейді ол.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Директордың айтуынша, ұлттық парктің қолданыстағы нысандары кардондар мен бақылау өткізу нысандары моралдық, физикалық тұрғыдан ескірген. 

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Оларды жаңарту, жөндеп ауыстыру қажет.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Мұндағы автотұрақтар, қарау алаңдары, күркелер мен орындықтар, тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер, көрсеткіш белгілері, ақпараттық стендтер қазіргі заман талабына сай емес және келушілердің сұранысын толық қанағаттандырмайды. Тек екі туристік бағыт қана орташа жағдайда, - дейді Тұрғанбаев.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Ұлттық паркте 7 маршрут бар. 

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Оның алтауы аралас, біреуі су маршруты.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

 Туристік маршруттардың ұзақтығы 102,8 шақырымды құрайды. 7 маршруттың ішіндегі негізгі және ең танымалы №3 туристік маршрут төменгі Көлсай көлдері Сарыбұлақ асуы және №1 маршрут Саты ауылы, Қайынды көлі. Бұл маршруттар қазір жеткілікті түрде абаттандырылған.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Соңғы 5 жылда Көлсайға келушілер саны бес есеге артқан. Мәселен, 2015 жылы 87 662 мың адам, 2016 жылы - 22 159, 2017 жылы - 36 310, 2018 жылы - 41 004, 2019 жылы - 87 662 адам келіп, 30 млн пайда түскен. Ал, биыл 29 қыркүйекке дейін 71 425 адам келген, оның ішінде екі ай ұлттық парк карантинге жабық болған.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Сонымен қатар, ол Көлсайдағы тағы бір басты мәселе интернет байланысының жоғын атап өтті. Соның кесірінен бақылау орындарын автоматтандыра алмай отыр. Тіптен пост-терминалдарды орнатуға мүмкіндік болмай отырған көрінеді. Оған қоса қоқыс қалдықтарын өңдеу орындары да жоқ. Тұжырымдамада осы мәселелер мен қатар күрделі емес, жеңіл нысандар салу қарастарылған.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Саты ауылы Қайыңды көлі туристік маршрутында бақылау өткізу қосынының жанында визит орталық, экоқонақ үй, медпунктің құрылысына жер телімін беру жоспарлануда. Оған қоса төменгі тұрақтың жанында екі кемпинг, бір глэмпинг, тамақтану орнын орнату үшін учаскелер беріледі. Жоғары тұрақта экоқонақ үй, тамақтану орны салынады және үш көру алаңы құрылады. Бұл ретте табыс жылына 150 млн теңгеге дейін өседі, - дейді директор.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Жиынға қатысқан сарапшылар және қоғам қайраткерлері, туристік қауымдастықтар, ғалымдар аталған тұжырымдамаға қатысты өз ойлары мен ұсыныстарын айтты.

Kazakh Tourism ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев коронавирус пандемиясы экотуризмнің дамуына қалай әсер еткенін айтып өтті.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

БҰҰ-ның Бүкіләлемдік туристік ұйымы ауылдық және экологиялық туризмді осы жылдың ұраны етіп алды. Өйткені, коронавирус дағдарысы бүкіл әлемге әсер етті. Яғни, экотуризм жаһандық туризм үлесінің 30%-ын құраған. Бізде туризмнің түрі көп, балалар туризмі, курортты, спортты туризм деп кете береді. Сарапшылар келешекте экотуризм үлкен қарқынмен дамып, басқаларын артта қалдыратынын болжап отыр. Қазіргі коронавирустық пандемия экотуризмнің жоғары қарқынмен дамуына ықпал етіп отыр. Адамдар қазір жекелей қыдыруға бет бұрған, әлеуметтік қышықтықты сақтай отырып, таулы және көрікті жерге баруды жөн санайды. Оның үстіне карантин кезінде шетелге ұшуға тиым салынды. Міне, сол кезде адамдар табиғатқа шыға бастады. Алайда, мұндай құбылыс жабайы туризмге айналып кетпеу керек. Оны реттеп, отырмаса табиғатқа зиян келеді. Сол үшін экотуризмді дамытудың тұжырымдасын қабылдау маңызды, - дейді ол.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Қоғам қайраткері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов Көлсайға келетін шетелдіктерге өз салт-дәстүрімізді, құндылықтарымызды таныстыра білуіміз қажет деген ойын білдірді.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Біз қаласақ та, қаламасақ та экотуризм дамиды, ол бізге қарамайды. Сол себептен біз соған инфрақұрылымды дайындауымыз керек. Оның үстіне ең тиімдің жолын табуымыз қажет. Сондықтан осындай тұжырымдаманы жан-жақты талқылаған жөн. Мемлекет ұлттық парк аумағын инвесторларға бергенде олардың міндеті айқын көрсетілу керек. Мәселен, мен үшін қоқыс қалдықтарын қайда жіберетіні маңызды. Яғни, соңғы үлгідегі жабдықтармен оларды осы жерде өңдеген дұрыс болар еді. Оған қоса, балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де жағдай жасау керек. Мұнда тек ақшасы бар адамдар ғана емес, мектеп оқушыларының да келуіне жағдай жасауымыз керек. Бұл тұрғыда қоғамдық кеңес мүшелері жақсы бақылаушы бола алады. Олар табиғаттың қорғалуы мен онда тәртіптің сақталуына ықпал ете алады. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарға да көп мән беру керек, - деді Мұрат Әбенов.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Сондай-ақ, жиын барысында «Көлсай көлдері» ұлттық паркін интернетпен қамтамасыз етіп, электрлі автобустар жүргізсек деген инвесторлар бой көрсетті. Инвестор әрі саяхат жөніндегі сарапшы Тимур Нұртаев бұл бағытта тәжірибесі бар екенін айтады.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Біздің компания Алматыдағы қоғамдық көліктерге тегін WIFI орнатып жатыр, оған қоса Шымбұлақта роутер қойдық. Осындай тегін интернетті Көлсайға да қоя аламыз. Мұнда қазір интернет жоқ. Соның кесірінен туристер әкелген ақшасын жұмсай алмай отыр. Мұнда талшықты-оптикалық байланыс жүйесін орнату керек. Сонда адамдар карточка арқылы есеп айырысатын болады. Көлсайда, тіптен ақша алатын банкомат та жоқ. Біз инвестор ретінде интернетпен қамтамасыз ете аламыз. Ол үшін Қазақтелеком талшықты-оптикалық байланысты осында тарту керек. Сондай-ақ, қазір Медеу мен Шымбұлақ арасында электрлі көліктер жүріп жатыр. Егер ертең адам ағыны көбейеді деп алаңдайтын болсақ, онда біз электрлі автобустарды әкелуге дайынбыз. Яғни, бұл автобустар Саты ауылынан Көлсай мен Қайыңдыға жүретін болады, - дейді ол.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Сонымен қатар, ол Көлсай маңында орналасқан ауыл тұрғындарына ағылшын тілін үйрету маңызды екенін айтты.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Мен шетелде көп жүремін. Онда туристерге қызмет көрсететіндердің барлығы ағылшын тілін меңгерген. Егер біз жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, олардың пайда табуын көздесек, онда тіл үйрену керек. Көлсайға әр келген сайын шетелдіктерді кездестіремін және тек мен ғана олармен ағылшын тілінде сөйлесемін. Өйткені жергілікті тұрғындар түсіндіре алмайды. Сондықтан тұрғындарға тіл мен сервисті меңгеру керек. Мұнда қойылған нұсқау белгілері тек орысша жазылған. Оған қазақ және ағылшынша жазбасын қосу керек. Сондай-ақ, шетелдіктерді әуежайдан бірден осында жеткізуге күш салу керек, - дейді Нұртаев.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев ұлттық парктерді дамыту тұжырымдамасының барлығы парктегі экожүйені бұзып алмауға бағытталғанын жеткізді.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Қазір экотуризмге деген сұраныстың жоғары екенін байқап отырмыз. Осыған байланысты ұлттық парктерде биологиялық алуандылықты сақтай отырып экотуризмді дамыту мәселесі тұр. Бұл тұжырымдама ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе әзірленген. Дегенмен, біз қоғам мүшелерін тарта отырып, елімізде экотуризмді дамыту жолын таңдаудамыз. Көлсай болсын, басқасы болсын ұлттық парктерге жақын жерге нысандар салынбайды. Сондай-ақ, туризмді дамытуға осы маңдағы елді мекен кәсіпкерлерін тарту қажет. Олар бағып отырған малын, сүтін, қымызын ұсынып, табыс таба білуі керек. Мәселен, Саты ауылында 300-дей үй бар. Оның 70-і бұрын бос жататын. Қазір соның бәрі қаладан қайтып келіп, еңбектеніп жатыр, - деді ол.  

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Жиын соңында Көлсай мен Қайынды көлдерінде келешекте салынатын инфрақұрылым орындары таныстырылды.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Көлсай көлдері ұлттық паркінің жалпы аумағы 161 мың гектарды құрайды. 

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Оның 148 мың гектары Кеген ауданына, 12,8 мың гектары Талғар ауданына қарайды. 

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Парк аумағында 126 адам жұмыс істейді.

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Көлсайдағы экотуризм қалай дамиды?

Өзгелердің жаңалығы