Көлсайда жылдамдығы жоғары Wi-Fi іске қосылды

26 Маусым 2023, 06:31
653
Бөлісу:
Көлсайда жылдамдығы жоғары Wi-Fi іске қосылды

Көлсайда көлге іргелес жерде жылдамдығы жоғары қоғамдық Wi-Fi аумақтар пайда болды, деп хабарлады BAQ.KZ Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Спутниктік байланыс арнасы бар негізгі станция жоғарғы автотұрақта орналасқан, - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Жоба бойынша аумақтың жоғарғы бөліктеріндегі жарықтандыру бағандарына интернет нүктелерін орнату қарастырылған. Төменгі бөлігі қоршаулар және қолжетімділік нүктелеріне арналған кіріктірілген тіректердің көмегімен Интернетпен қамтылады.

Сондықтан енді мейрамхана мен пирстің аумағында интернетті пайдалануға болады, - деді әкімдіктегілер.

Талшықты-оптикалық байланыс желісінің жалпы ұзындығы 1500 метрді құрады.

Алматы облысының әкімдігі мен Freedom Telecom арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, оның аясында облыстың әрбір елді мекеніне жылдамдығы жоғары интернет енгізу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы