Колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысы 133 мың орынға көбейді

11 Қыркүйек 2023, 18:46
803
Бөлісу:
Колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысы 133 мың орынға көбейді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Серік Жартыбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміз IT-мамандарды даярлау бойынша әлемдік деңгейге шығуда. Қазіргі уақытта 773 колледж бар, онда 517 мың студент оқиды. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында маңызды бағыттардың бірі – мемлекеттік тапсырысты ұлғайту. Биыл ол 133 мың орынды құрады, - деді департамент басшысы.

Сонымен қатар биыл дуалды оқытуды дамыту үшін кәсіпорындардың тапсырысы бойынша мамандар даярлау үшін 10 мың орын бөлінгені болды.

Елімізде 212 құзыреттілік орталығы құрылған, оның негізінде студенттер, оның ішінде WorldSkills конкурсанттары даярланады. Биыл 22 орталық ашылды, жыл соңына дейін тағы 10 орталық өз жұмысын бастайды, - деді Серік Жартыбаев.

Өзгелердің жаңалығы