Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл колледж студенттеріне қандай жағдай жасалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда 145 мың грант бөлінді, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған. Сондай - ақ, 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға ұлғаяды, – деді ведомство басшысы үкімет отырысында.
Бейсембаев оқу орындарда материалдық техникалық базаны жаңарту белсенді қарқынмен жүргізіліп жатқанын айтты.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 104 колледждің МТБ-сы жақсарды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 64 колледжге артық, – деді министр.
Осыған дейін министр биыл мектепте 1,7 млн оқушы тегін тамақпен қамтылатынын айтты.