Көліктерге жалған диагностикалық карта әзірлейтін қылмыстық топ ұсталды

9 Қараша 2021, 13:59
1321
Бөлісу:
Көліктерге жалған диагностикалық карта әзірлейтін қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп көліктерді техникалық тексерудің жалған диагностикалық карталарын берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлады Антикор.

Барлық ел аумағында жалған тұлғаларға тек «қағазда» ғана бар 28 фирма ресімделген. Тіркелген мекенжайлар бойынша техникалық тексеру орталықтары болмаған, тиісінше, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажетті техникалық жабдықтары, мамандары, жұмыс істейтін орындары болмаған, - делінген хабарламада.

Қылмыстық топты Көлік комитетінің көліктік бақылау жүргізу және мұндай фактілерге жол бермеу міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалары басқарған.

2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҰҚТ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан астам диагностикалық карта жасаған. Мұндай «қызмет» бір автокөлік үшін 5 минут уақытты және 2 мың теңгені қажет еткен.

Тергеу барысында бұл қызметтерге жүгінген автокөлік иелеріне де құқықтық баға беріледі. Антикор қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ «формальды техникалық тексерулер» жүргізу фактілерін жоюға қатысты барлық шараны қабылдайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы