Көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

18 Мамыр 2021, 05:22
1068
Бөлісу:
Көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктерге жұмыс күндері 07:30 – 9:30 және 17:00 – 20:00 аралығында ғана жолақпен жүруге тыйым салынады.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі.

Жоба Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған.

Өзгелердің жаңалығы