Көліктегі арыстан: Экология министрлігі жауап берді

6 Наурыз 2021, 17:37
2234
Бөлісу:
Көліктегі арыстан: Экология министрлігі жауап берді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Экология, геология және су ресурстары министрлігі Қарағандыдағы көлік терезесінен көрінген арыстан жөнінде пікір білдірді.

Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары осы мәселені талқылады. Бұл жергілікті хайуанаттар бағының арыстаны екені белгілі болды. Бірақ оны көліктің артқы орындығында тасымалдауға рұқсат жоқ. Аталған факті бойынша инспекторлар тиісті тексеру жүргізу үшін полиция департаментіне арыз жазды, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қоғаммен байланыс департаментінің директоры Самал Ибраева.

Министрліктің ресми өкілі бұл жағдай жануар үшін де, адамдар үшін де белгілі бір қауіп тудырғанын айтты.

Жалпы, соңғы уақытта елімізде жабайы аңдарды үйде ұстау жағдайлары жиілеп кетті. Менің ойымша, бұл ақылға қонбайды. Бұл аңдарға көрсетілген қатігездік және адамдарға да қауіпті. Заңнамалық түрде мұндай фактілердің алдын алатын кез келді. Экзотикалық жануарлар ұстайтын адамдарға және оған жағдай жасайтындарға қатаң жауапкершілік шараларын анықтау қажет. Мұндай фактілерді біз министрлік ретінде жан-жақты зерттеп, жолын кесуге ниеттіміз, - дейді министрліктің ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы