Көлік тізгінінде телефон пайдаланғандар жауапқа тартылды

10 Сәуір 2024, 19:45
422
Бөлісу:
Көлік тізгінінде телефон пайдаланғандар жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Қызылордада полиция көлік тізгінінде телефон пайдаланған 1286 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіліп келеді. 

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен көлік тізгінінде телефон пайдаланған 1286 жүргізуші жауапқа тартылды. 

Автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Телефон пайдаланып көлік басқарған жүргізушілер 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.

Өзгелердің жаңалығы