Көлік салығын төлеуді келесі жылға ауыстырамыз – Дәленов

12 Қараша 2020, 11:42
1692
Бөлісу:
Көлік салығын төлеуді келесі жылға ауыстырамыз – Дәленов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейтін заң жобасын таныстырды.

Оның айтуынша, аталған заң инвестиция тартуды ынталандыру, бизнес-ортаны дамыту, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған.

Салық элементтерін өзгертпей жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылады. Екі салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл ретте көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылады. Сондай-ақ, салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады,- деді Руслан Дәленов.
Оның айтуынша, инвестициялық салықтық несиені енгізу ұсынылып отыр екен. Несие корпоративтік табыс салығы және мүлік салығы бойынша 3 жылға пайызсыз берілетін болады.
Бірақ шарттар орындалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі. Мақтаны қайта өңдеуге, ашытқы, кондитерлік өнімдер, қант қызылшасынан қантты өндіруге есептелген қосылған құн салығының сомасын 70%-ке азайту бойынша норманы қолдану ұсынылып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, отандық тауар өндірушілердің өндіріс көлемін ұлғайтуды ынталандырады,- деді министр.
Ведомсвто басшысының айтуынша, экспорт кезінде қосылған құн салығын қайтару рәсімін оңайлату мақсатында отандық өндірушілер үшін қосылған құн салығын жеңілдетілген түрде қайтару құқығын беру ұсынылады: яғни тексерусіз – 50%, тексеруден кейін – 50%. 
Көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының компоненттерін өндіру үшін қосылған құн салығы бойынша жеңілдікті қолдану ұсынылады. Бұл отандық автокөліктердегі қазақстандық қамту үлесін арттырады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы