Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтардан өтініштердің көптеп түсуіне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдары салығын қалай оңай есептеуге болатынын еске салды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Ол үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz порталындағы калькуляторды ашып, онда салық кезеңін, көлік құралының түрін және қозғалтқыш көлемін көрсетсе болды. Электронды сервис тиісті салықты өзі есептеп береді.
Калькулятор порталдың негізгі экранындағы «Электронды сервистер» бөлімінде орналасқандықтан, оны жылдам табуға болады.
Биылғы жылдан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғалардың 2020 жылға арналған көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеу керек, - деп атап өтті Комитеттің баспасөз қызметінде.
Осыған орай, өсімпұлдарды есептеу алгоритмі де қайта қаралған екен.
Оқи отырыңыз: