Көлік саласындағы жемқорлық: 40 млн теңгеден астам пара алған екі шенеунік ұсталды
Көлік саласындағы жемқорлық: 40 млн теңгеден астам пара алған екі шенеунік ұсталды
ҰҚК көлік бақылауындағы екі лауазымды тұлғаны ұстады. Олар ауыр жүк тиелген көліктердің кедергісіз жүруіне жол бергені үшін ақша алды деген күдікке ілінген.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Биылғы тамызда СЖҚК прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады.
Олар жүктері рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен көлік құралдарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету жөніндегі құқыққа қарсы әрекетте күдікті. Тергеу мәліметтеріне сәйкес бұлар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомаға материалдық сыйақы алған, - деп хабарлады ҰҚК.
Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.