Көлік министрі еліміздегі ең нашар жолды көлікпен жүріп өтті

17 Шілде 2024, 14:52
1163
Бөлісу:
Көлік министрі еліміздегі ең нашар жолды көлікпен жүріп өтті
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Ақтөбе өңіріне барып, еліміздегі ең нашар жолдардың қатарына жататын "Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" тас жолын көлікпен жүріп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жолдың қазіргі жағдайы қанағаттанарлықсыз. Алайда жолдың бір бөлігінде қайта құру жұмыстары басталды. Ақтөбе мен Хромтау арасындағы 30 шақырымдық жол учаскесін Sine Midas Stroy мердігері салып жатыр. Жол толығымен қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылғанша ең нашар деп танылған 66 шақырымдық жол бөлігін ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтудамыз. Қазір оның 36 шақырымы жөнделді,- деді Марат Қарабаев.

Қайта құру жұмыстары келесі жылы басталады.

Көлік министрі еліміздегі ең нашар жолды көлікпен жүріп өтті

Қазіргі уақытта Ақтөбе ауылы мен Ақжар ауылының арасы, Просторный ауылы мен Хромтау қаласының арасы, Құдықсай мен Бөгетсай ауылдары арасы және де Бөгетсай және Қарлау ауылдары арасы қалыпқа келтірілді.

Өзгелердің жаңалығы