Көлігіне жалған мемлекеттік белгі орнатқан екі атыраулық анықталды

1 Ақпан 2022, 09:51
1338
Бөлісу:
Көлігіне жалған мемлекеттік белгі орнатқан екі атыраулық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлігіне жалған мемлекеттік белгі орнатқан екі атыраулық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Атырау қаласы аумағында 30 қаңтар мен 5 ақпан күндері аралығында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульдік полиция қызметкерлері көлікке жалған мемлекеттік белгі орнатқан екі жүргізушіні анықтады. 

Олардың бірі көлік құралын масаң күйде басқарған. Мәселен, 29 қаңтар күні сағат 01:30 шамасында Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан Абай орталығы тұсында патрульдік полиция қызметкерлерімен Peugeot автокөлігі тоқтатылды. 

Тексеріс кезінде аталған көліктің 24 жастағы жүргізушісінің масаң күйде екендігі белгілі болды. Онымен қоса, оның көлігіне жалған мемлекеттік белгі орнатқандығы анықталды. 

24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (Көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатып жүргізген) және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Алкогольдік ішімдік ішкен масаю күйде көлік құралын басқарғаны) үшін әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. 

Одан басқа 30 қаңтар күні сағат 22:09 шамасында Азаттық даңғылы Батыс-2 дүкен тұсында патрульдік полиция қызметкерлерімен Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатып жүргізген, 26 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (Көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатып жүргізген) үшін әкімшілік хаттама  жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.


 

Өзгелердің жаңалығы