Көлігі Ресейде тіркелген азамат жол ережесін 181 рет бұзған

15 Ақпан 2021, 21:26
1402
Бөлісу:
Көлігі Ресейде тіркелген азамат жол ережесін 181 рет бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық жүргізуші 8 ай ішінде жол қозғалысы ережелерін 181 рет бұзып, 3.5 млн теңге көлеміндегі айыппұлды төлемей жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz

Портал мәліметінше, 11 ақпанда «Борышкер» іс-шарасы аясында Қызылорда облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, прокуратура өкілдері және сот орындаушылары бірлескен рейд барысында облыстың 34 жастағы тұрғыны басқарып жүрген ресейлік нөмірлі жеңіл автокөлікті ұстаған.

Ол сегіз ай ішінде жылдамдық режимін 181 рет бұзған. Құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын «Аркан» құрылғысы аталған автокөлікке 2020 жылдың 12 маусымы - 2021 жылдың 11 ақпаны аралығында 3 млн 591 мың 265 теңге сомасында айыппұл салған. Сондай-ақ, жүргізушінің көлікті сақтандыру құжатынсыз, тек жүргізуші куәлігімен басқарғаны анықталды, - делінген хабарламада. 
Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, құқық бұзушы салынған айыппұлдарды төлеуі тиіс. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 1-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) хаттама ресімделді.
Өзгелердің жаңалығы