Көлгінов: Жыл соңына дейін қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй саламыз

1 Қараша 2020, 19:20
1427
Бөлісу:
Көлгінов: Жыл соңына дейін қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй саламыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада кезекте тұрған халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын 530 адам жыл соңына дейін жеңілдікпен берілетін тұрғын үйге қол жеткізеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды.

Жыл соңына дейін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй саламыз. Қаланы аралау барысында жеңілдікпен берілетін үйлердің құрылыс барысымен таныстым. Көппәтерлі тұрғын үй кешендері қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан. Мәселен, Рыскелді қажы (Сарыарқа ауданы) мешіті жанында орналасқан тұрғын үйді жыл соңына дейін тапсырамыз. Мұнда кезекте тұрған 530 адам пәтер алады. Олар халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатады - деді ол.

Сонымен қатар, ол Алматы ауданы (метроға жақын) мен Жағалау ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. 

Пәтерлердің жалпы саны 2 мыңнан асады. Олар кезекте тұрғандарға, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына, Шаңырақ "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасының қатысушыларына беріледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым - деді қала басшысы.

Өзгелердің жаңалығы