Су, жылыту, кәріз, жарық. Көлгінов тұрғындар мәселесін тыңдады

12 Қыркүйек 2020, 20:23
1820
Бөлісу:
Су, жылыту, кәріз, жарық. Көлгінов тұрғындар мәселесін тыңдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Елорданы «Нұр-Сұлтан - тұрғындарға жайлы қала» жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытып жатырмыз, - деп жазды қала әкімі.

Әкімнің айтуынша, елдімекендерге ерекше назар аударылуда. 

Өйткені, онда бірінші кезекте үйлерге су жүргізу, орталық жылыту, кәріз, жарық, жолсыз және басқа да мәселелерді шешу қажет. Кеше кешкілік аралау барысында Нұр Бесік (Көктал-1 елдімекені) шағын ауданына бардым. Бұрын кездесуде тұрғындар толғандыратын мәселелерді айтып, олардың басым бөлігі шешімін тапқан болатын, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, ол атқарылған жұмыстар туралы айта кетті.

Қазір су құбырын салып жатырмыз, жыл соңына дейін осы аудан тұрғындарының үйлеріне ауыз су жүргіземіз, сонымен қатар Нұр Бесікке кіру және шығу барлық жағынан жүзеге асырылатындай етіп жол саламыз. Бұл сонымен қатар аялдаманы тікелей шағын ауданға жақын орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, орамішілік көшелерді асфальттаймыз. Жарықтандыру орнатылды, балалар үшін үлкен алаң салынды, аймақты көгалдандырумен айналысамыз, - деді ол.

Бұдан басқа, елордада кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыстар жалғасуда. 

Көктал-1 елдімекенінде тарату желілері 80%-ы салынды. Тұрғындармен кездесу барысында шағын ауданның одан әрі дамуы талқыланды. Сұрақтар жұмысқа алынды. Елдімекендерді абаттандыру мәселесі Президенттің бақылауында, - деп жазды әкім.

Одан бөлік, әкім қала аудандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жазды.


Өзгелердің жаңалығы