Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты.
Балалар мен қала тұрғындары мерекелік көңіл-күй сезінгісі келеді. Жарықтың барлығын өшіріп, отырмаймыз ғой. Жағдай жасау керек. Бұрынғыға қарағанда көп қаражат қысқартылды. Оны біз жасырмаймыз. Саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындар демалғысы келеді. Ол қаражат тұрады, оны жасырудың қажеті жоқ, - деді ол.
Көлгінов Тәуелсіздік күні өткен соң қала шыршалары әкімдік тарапынан безендірілетінін айтты.
Ешқандай шыршаны жаңадан сатып алмаймыз. Себебі бұрынғы шыршалар бізде сақталған. Елорда болған соң үлкен мекемелер мен сауда орталықтары бар. Жеке кәсіпкерлерге де айтып жатырмыз. Егер сондай мүмкіндіктері болса, жасасын, - деді Көлгінов.