Көлгінов Талдыкөл туралы: «Су көзін қалдыруымыз керек»
3 Желтоқсан 2021, 16:39 866

Көлгінов Талдыкөл туралы: «Су көзін қалдыруымыз керек»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Әкім Талдыкөл мәселесіне байланысты әкімдік тарапынан қандай істер атқарылып жатқанын айтты.

Егер біз Талдыкөлді тереңдетпесек, абаттандыру жұмысын жүргізбесек, алдағы уақытта ол су құрғап кетуі мүмкін. Біз оған жол бермеуіміз қажет. Әкімдік өз тарапынан оны тереңдету мен абаттандыру жұмысын жүргіземіз. Қазір сол қалпында қалдыратын болсақ, ол жерде балшық әрі жылдар бойы кәріз жүйелерінің тартылған сулар мен қоқыс қалдықтары бар. Бұл қала үшін және балаларымыз үшін де қауіпті, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, Талдыкөл маңайында құрылыс жұмыстары жүріп жатқандықтан ол араға балшықты жерді қалдырмау керек. Бірақ су көзін қалдыру керектігін айтты.


Фото: автордан
Загрузка...