Көлгінов қалалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті болды

11 Желтоқсан 2019, 15:26
2753
Бөлісу:
Көлгінов қалалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның жеңіл атлетика Федерациясының конференциясында Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеңіл атлетика Федерациясының президенті қызметіне сайланды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

ҚР Жеңіл атлетика Федерациясының президенті Даниал Ахметов Қазақстанда 7 жабық жеңіл атлетикалық манеждің құрылысы жоспарланғанын атап өтті.
Үлкен жұмыс атқару үшін адами капитал маңызды. Сапалы жаттықтырушылар құрамы мен спортшыларды дайындау қажет. Өйткені, жаттықтырушы-ұшақ ұшқышы сияқты, спортшылардың қозғалыс бағыты мен спорттағы дамуы тек сол кісіге байланысты, - деді Даниал Ахметов.
Елордада жеңіл атлетикамен тұрақты шұғылданатындардың жалпы саны шамамен 2 000 адамды құрайды. Қала әкімі Алтай Көлгінов сенім артқаны үшін алғысын білдіріп, жеңіл атлетиканың дамуына, оның ішінде инфрақұрылымға тиісті көңіл бөлінетіндігін атап өтті.
Жетістіктер мен кемшіліктерді ескере отырып, алға жылжу қажет. Жеңіл атлетика-маған жақын спорт түрі, - деді елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы