Көлгінов биыл елордалықтарға қанша пәтер берілетінін айтты

30 Маусым 2021, 12:45
3140
Бөлісу:
Көлгінов биыл елордалықтарға қанша пәтер берілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз конференциясында биыл мұқтаж жандарға қанша пәтер берілетіні туралы айтты.

Әкімнің айтуынша, қала халқының саны көбейген сайын үйге сұраныс та артып келеді. Әсіресе кезекте тұрған әлеуметтік топтарды, мұқтаж азаматтарды үймен қамтамасыз ету қажет.

Президенттің тапсырмасына сәйкес қолжетімді баспананың құрылысын үш есеге дейін арттырдық. Мысалы, 2018 жылы 1 100 пәтер, 2019 жылы 2 900 пәтер, былтыр 7 000 пәтер, ал биыл 10 000 әлеуметтік қолжетімді баспана беріледі. Яғни 10 мың пәтер әлеуметтік топтар мен мұқтаж азаматтарға табысталады. Олар кезекте тұрған азаматтар, «Отбасы банктің» салымшылары, - деді Көлгінов.

Сонымен қатар бастапқы жарнаның сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Екінші деңгейлі бакнтермен келісімге келіп, «Отбасы банкпен» тығыз жұмыс істеп жатырмыз. «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» бюджеттік салада жұмыс істейтіндер үшін 1 000 пәтер бөліп отырмыз. Олардың қатарына медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ТЖ қызметкерлері, полицейлер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт саласы қызметкерлері және БАҚ өкілдері кіреді, - деп түсіндірді ол ОКҚ-да.

Одан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмыс істейтін жастарға 1 000 пәтер беріледі. Бұл да өз кезегінде үй кезегінде тұрғандар санының қысқаруына септігін тигізеді.

Бұған дейін Алтай Көлгінов елорда халқының көбеюі қандай проблема туындатып отырғанын атады.

Өзгелердің жаңалығы