Көлгінов: Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті саламыз

30 Мамыр 2021, 14:19
2061
Бөлісу:
Көлгінов: Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті саламыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді дамытуды жалғастырып жатырмыз. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Былтыр 76 гектардан астам аумақты салып, абаттандырсақ, бұл - шамамен 150 аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар), биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті саламыз. Құрылыс кезінде бұрын ауламен қамтылмаған, қараусыз қалған, бос жерлерге, сондай-ақ қаланың ескі бөлігі мен елді мекендерге ерекше назар аударамыз. Қаланың тарихи бөлігіндегі көшелерді абаттандырып жатырмыз - деді әкім.

Ол сонымен қатар, таңертеңгілік аралау барысында Мәмбетов көшесіне (Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейін) барып, салынып жатқан променад құрылысын тексергенін айтты.

Демалыс күні жаяу жүргінші жолына айналады, онда болашақта түрлі жәрмеңкелер мен фестивальдар өтеді. Талантты тұрғындарымыз өнері мен дағдыларын көрсете алады. Сондай-ақ әртүрлі фотоаймақтар мен кітап алмасу аймағы болады. "Жастар" сарайынан бастап жас көрерменнің музыкалық театрына дейінгі жолды субұрқақ кешенімен жабдықталған "Театральный" жаяу жүргіншілер желекжолымен (Омаров көшесі) біріктіреміз. Жағалау да абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстармен қамтылған - деді шаһар басшысы.

Қоғамдық кеңістіктер қала тұрғындарының негізгі орталықтарының біріне айналады, олар жұмыс пен үй арасында уақыт өткізетін "үшінші орын" болмақ. 

Бұл - демалып, спортпен шұғылданатын аймақ. Сонымен қатар Есіл ауданындағы бірқатар аулада болып, ондағы абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстым (Сарайшық көшесі, 34; Достық көшесі, 5/1; Тұран даңғылы, 9, 11). Аулаларды көп функциялы етіп жасаймыз. Олардың көпшілігі тыныш және спорттық аймақтардан тұрады, онда балалар да, ересектер де, зейнеткерлер де бос уақытын өткізе алады. Үй жануарларымен серуендеу үшін де жағдай жасалып жатыр. Елорданы "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытудамыз. Қаланы одан әрі дамытуда тұрғындардың пікірі маңызды, олардың идеяларын ескеріп жұмыстанып жатырмыз - деді Алтай Көлгінов.
Өзгелердің жаңалығы