Көлгінов білім ордаларында тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырды

12 Қаңтар 2023, 21:04
1250
Бөлісу:
Көлгінов білім ордаларында тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырды

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов білім ордаларында тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әрбір ұстаз бен мектеп жұмысының басты басымдығы мен нәтижесі тәрбие жұмысы болуы керек.  Мектепте тәрбие беру тек арнайы тақырыптағы іс-шаралар өткізумен шектелмеуі қажет. Ол оқу процесінің барлық кезеңінде қамтылуға тиіс. Ол үшін әрбір сабақтың тәрбиелік әсері болуы маңызды, - деді Көлгінов.

Үкімет мүшесінің айтуынша, отбасылар, ата-аналар қауымдастығының мектеп қабырғасындағы тәрбие жұмысына тартудың тиімді тәсілдерін енгізу қажет.

Алтай Көлгінов Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа білім ордаларында тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырды.

Балаларды жан-жақты дамыту үшін қосымша білім беру, сабақтан тыс жұмыстардың, түрлі үйірмелер мен секциялардың жұмысы маңызды. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өскелең ұрпақты дамыту үшін қосымша білімнің маңызына ерекше назар аударып, осы мақсаттарға арналған қаражат мемлекет үшін басты инвестиция болуы керегін атап өткен болатын, - деп айтты Алтай Көлгінов.

Ол Оқу-ағарту министрлігіне Мәдениет және спорт министрлігімен бірге балалардың үйірмелер мен секцияларға баруы үшін жағдай жасауға бағытталған қосымга білім беруді дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы