Көлгінов: «Astana LRT» – сұрағы көп, қиын жоба

9 Желтоқсан 2020, 13:28
1963
Бөлісу:
Көлгінов: «Astana LRT» – сұрағы көп, қиын жоба

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде «Astana LRT» жобасына қатысты қойылған сұраққа жауап берді. 

«Astana LRT» жобасы сұрағы көп, өте қиын жоба екенін де білесіздер. Бірнеше жыл бұрын басталып, бірқатар құрылым жүргізіліп, инженерлік желілер тартылды. Қаражат та жұмсалғаны белгілі. «Астана банкі» лицензиясынан айырылған кезде басталған проблема жалғаса берді. Пандемия кезінде банктермен жұмыс уақытша тоқтатылды. Бірақ, бұл жобаның әуелгі идеясы – қала күн санап дамып келеді, сол себепті жолаушылар тасымалымен айналысатын қосымша транспорт түрін енгізу керек болды. Қандай да бір мәселенің бары рас. Қазір тиісті органдар тарапынан сот-тергеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесін уақыты келген кезде білетін боласыздар. LRT – күрделі мәселе. Әзірге осылай ғана жауап бере аламын. Бұл жоба бойынша ақпаратты әлі де мәлімдейтін боламыз, - деді әкім. 

Алтай Көлгінов баяндама барысында «Astana LRT» жобасының әуежай жолаушыларына ғана арналмағанын айтты.

 

Елорданың қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырсыздар. Осыдан бес жыл бұрынғы жазық жерлерде қазір көпқабатты үйлер бой көтерген. Бас жоспарға сәйкес, жаңа вокзалға дейін созылған 5 шақырымдық «Мың жылдық» аллеясы салынатын болады. Қазір бұл жерлерде бау-бақша учаскелері орын тепкен. Бірақ біртіндеп көппәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр. Адам саны артатыны сөзсіз. Негізгі жоспар осындай болған еді, - деді ол.

 

 


 

Өзгелердің жаңалығы