«Көлеңкелі» бизнеспен күрес: Жанәлінов қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты

21 Желтоқсан 2022, 10:52
919
Бөлісу:
«Көлеңкелі» бизнеспен күрес: Жанәлінов қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Ең алдымен, айта кететін жайт көлеңкелі экономикаға қарсы күрес - біздің жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі, ол  кешенді көзқарасты және бірқатар мемлекеттік органның қатысуын пайымдайды. Елді дамытудың Ұлттық жоспарында ЖІӨ-ге көлеңкелі экономиканың дейін 2025 жылға қарай 15 пайызға дейін төмендету міндеті қойылды. Осы міндеттерді шешу үшін Үкімет 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспарды бекітті, ол 54 тармақтан тұрады, Мемлекеттік кірістер комитеті 26 іс-шаралар бойынша негізгі орындаушы, 14 іс-шаралар бойынша бірлесіп орындаушы болады, - деді спикер. 

Данияр Жанәліновтың атап өтуінше, комитет соңғы 3 жылда жүргізілген шаралары бюджетке 2,3 трлн теңгеден астам қосымша түсімдермен толықтырған.

Бүгінгі таңда 20 тармақ орындалды. Біздің құзыретіміздегі негізгі бағыттарымыз бар. Олар: салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру,заңсыз бизнестен жұртшылықтың мүддесін қорғау, қолайлы бизнес-ортаны жасау. Былтыр қабылданған шаралар 2020 жылмен салыстырғанда 0,5 п.п. (20,23%) төмендеумен, ЖІӨ-ге көлеңкелі экономиканы 19,75 пайыз деңгейіне дейін төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік берді, - деді комитет төрағасы орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 

Өзгелердің жаңалығы