Көкжар мектебі қашан жөндеу көреді?

27 Мамыр 2023, 20:33
910
Бөлісу:
Көкжар мектебі қашан жөндеу көреді?
PHOTO
Фото: автордан

Жетісуда Көкжар деген шағын ауыл бар. Бұл елді мекен Жаңа Қазақстанға кірмейді. Неге десеңіз, онда интернет жоқ, кеңес өкіметінен келе жатқан жол мен нысандар менмұндалап тұр. Тіпті ғасыр жасаған мектебі жөндеу көрмеген, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Біз неге ауыл жайлы көп айтамыз. Себебі, Мемлекет басшысы «Ауылды жерлерде табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін ерекше бақылауда ұстау қажет», деп айтқан еді. Одан бөлек Үкімет ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлегені белгілі. Ел Президенті «Әкімдер оны тиімді іске асыру үшін шаралар қабылдауы тиіс», деп міндеттеген. Бұған келіспеске лаж жоқ, өйткені ел экономикасының аккумуляторы – ауыл. Сондағы халықтың тұрмыс деңгейін арттыру арқылы қаланың да кірісі артпақ.

 Сондықтан Президент айтқандай, «шалғайдағы ауылдық округтерге микрокредит беру және жеке қосалқы шаруашылықтарға кепілдік беру, сервистік-өткізу кооперативтерін ынталандыру сияқты мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпаратты жеткізу маңызды».

Ал біз мысалға алған Алакөл ауданына қарасты Көкжар ауылынды бұл үрдістің бірі де жоқ. Ол аз десеңіз, алдағы жылдары жасалады ау деген үміттің де ұшқыны көрінбейді. Тұрғындар ауыл шаруашылығы саласына негізделген микрокридит алмақ тұрмақ, бұл жобаның не екенін де білмейді. Ауыл мұғалімдеріне қиын, интернет іздеп көрші ауылға не ауданға сабылады. Ал, талап бойынша «Kundelik.kz»-ті күнде толтыру міндет. Оқушылар болса, әлеуметтік желіге аптасына не айына бір рет кіреді. Яки қоғамдық һәм технологиялық үдерістен едәуір артта келе жатыр.

Халықтың әуелгі тілегі – осы мектептің жайы. III ғасырдың тізбегіне енген оқу шаңырағының іргетасы 1895 жылы қаланған. Күрделі жөндеу көрмеген білім ордасының тағаны мықты болғанымен іші шіри бастапты. Мұғалімдер жыл сайын іші мен сыртын сылап-сипап, күзде шәкірттерінің көңілін бағады.

Көкжар мектебі қашан жөндеу көреді?

Аталған білім ордасы 1932 жылы тіркеліп, кеңес заманында ауыл балаларын тәрбиелеп шығарған. Бүгін бір кірпіші алынбай сол қалпында тұр. Ол уақытта жүздеген оқушы білім алып, қанаттанған. Қазір жыл сайын балалардың саны азайып барады. Бүгінде бар-жоғы 40 оқушы ғана оқиды. Оларға тәлім беретін 16 білім қызметкері бар. Ұстаздардың айтуынша, оқушылардың үлгерім жақсы. Өзге ауыл-аймақтардан қалыс қалып жатқан жоқ. Пәндік олимпиадаларда да топ жарып, мұғалімдерді қуанттып жүр.

Жалпы, біздің байқағанымыз көкжарлықтардвң дені әдеттегідей мал және егін шаруашылығымен айналысады. Көбі инфрақұрылымы тәуір көрші ауылдарға көшсе, кейбірі қала маңайлаған. Әрине, ата-аналар балалардың болашағы үшін осындай қадамға барып отыр. Ал мұнда қалған мыңға жуық тұрғындар атақонысын қимай, бала-шағасын бағып отыр. Оларға ұялы байланыс желісін жоқтығы да бөгет емес.

Интернеттің жоқтығы іш пыстырады. Қатарластарымыздың бәрі әлеуметтік желі де отырады, біз сирек кіреміз. Бірақ оның да өз жақсы жақтары бар. Кітап оқисын, қосымша жұмыстармен айналысуға болады. Ұстаздармен тығыз қарым-қатынаста боласын. Содан да болар, біздің мектептің бәрі сабағын 4-5 оқиды,- дейді мектеп оқушысы Амина Абжан.

Елімізде жыл сайын мыңдаған ауыл кең жолақты интернетке қол жеткізеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда жалпы елді мекендердің 80 пайызы интернетпен қамтамасыз етілген. Дегенмен осындай ауылдық округқа қараған 3-4 шағын ауылдар да байланыс технологиясы дұрыс орнатылмаған. Біріне интернет толық жетсе, біріне жетпейді.міне, соның азабын тартып отырған ауылдың бірі – Көкжар.

Көкжар мектебі қашан жөндеу көреді?

Сол интернеттің жоқтығынан ауыл мұғалімдері демалыс күндері алыстағы туыстарын жағалайды. 130 жылға жуық тарихы бар оқу ордасы күрделі жөндеуден өтпесе, оқушылар мектепсіз қалмақ. Жергілікті билік өкілдері ауылды болашағы жоқ еллі мекенге жатқызатын сыңайла. Олай дейтініміз, жаңа модульді мектеп салу мәселесін қарастырып, артынан бұл ойларынан бас тартқан. Оған себеп – бала санының аздығы әрі кеткен шығын өзін ақтамайды.

Жалпы, модульді мектептерді алдыңғы кезекте150 балаға дейінгі оқушысы бар шалғайдағы ауылдарға салуды жоспарланған. Бұл білім ордасына да күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Бүгінде соған сай өтінім жолданды. Оған қоса кеңірек мәжіліс залы мен гимнастика залын қосуды көздеп отырмыз. Алдағы уақытта мәселелер шешіліп қалады, - дейді, Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы Әсет Ыбрайымов.

Жауапты мамандар интернет мәселесі де көп ұзамай шешілетіне уәде беріп отыр. Алдағы жазда көрші ауылдан 14,5 шақырымға оптикалық-талшықтық желі тартылатын болады. Бұл байланыс түйткілінде тиянақтамақ.

Иә, «Әрбір аудан, моноқала және қала деңгейінде қолайлы инвестициялық ахуал мен «өсім көздерін» құру үшін олардың бәсекелестік артықшылықтарын анықтап, салалық басымдықтарды таңдау қажет», деген болатын Мемлекет басшысы. Демек, шағын ауылдардың шырағын сөндірмей, шамын жағуымыз қажет. Себебі, егін егіп, мал баққан шаруалардың ауылдан көшкісі жоқ.

Өзгелердің жаңалығы