Көктемнің алғашқы күндері ауа райы қандай болады

1 Наурыз 2024, 11:29
770
Бөлісу:
Көктемнің алғашқы күндері ауа райы қандай болады
Фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2024 жылғы 2-4 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың болжамынша, елдің шығысында суық біртіндеп әлсірейді.

Қазақстанның басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан, алдағы көктемгі күндер шуақты болады деп күтілуде. Тіпті, елдің шығысында түнгі уақытта ауа температурасы -36-дан -20 градусқа дейін суық біртіндеп қайтады. Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында, циклондардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюімен бұлтты ауа райы басым болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы