Көктемгі дала жұмыстарына қанша қаржы бөлінді?

10 Маусым 2021, 11:46
3700
Бөлісу:
Көктемгі дала жұмыстарына қанша қаржы бөлінді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру аяқталғанын айтты.

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру аяқталды. Қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 128 млрд теңгені құрады. Оның ішінде Аграрлық несие корпорациясы желісі бойынша бюджеттік кредит есебінен «Кең дала» бағдарламасы бойынша 70 млрд теңге, Ұлттық банк қаражаты есебінен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 6 млрд теңге, Агробизнес бағдарламасы бойынша 4,6 млрд теңге, Қаржылай қолдау қорынан 854 млн теңге берілді, - деді министр.

Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясының сатып алу сомасы 47 млрд теңгені құрады.

Бидай, арпа, күнбағыс, рапс, зығыр, қарақұмық, сұлы және соя сияқты өнімдерге 743 мың тонна көлемінде форвардтық келісімшарттар жасалды. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіру үшін қажетті шикізаттың, сондай-ақ мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы қожалықтары үшін жемшөп қорының болуына мүмкіндік береді, - деп атап өтті Сапаров баяндамасында.

Сондай-ақ егіс жұмыстары кезінде өңірлерге 380 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынын кепілдендірілген түрде және үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді. Бұл ретте дизель отынының 1 литріне белгіленген жеңілдікті баға жеткізу шығындарын қоса есептегенде 165 теңгені құрады, бұл нарықтық бағадан 14%-ға арзан.

Министрдің айтуынша, биылғы 10 маусымдағы мәлімет бойынша 350 мың тоннаға шарттар жасалды, оның 331,8 мың тоннасы тиеп-жөнелтілді.



Өзгелердің жаңалығы