Көктемге қазірден дайындалу керек – Смайылов

21 Қыркүйек 2022, 17:45
898
Бөлісу:
Көктемге қазірден дайындалу керек – Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы көктемде елді мекендерді су басудың негізгі себебі егістіктерден еріген қар мен жаңбыр суларының мол ағуы екенін айтты. Бұл орайда су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізу арқылы ғана ТЖ туындау тәуекелін төмендетуге болады.

Көктемге қазірден дайындалу керек – Смайылов

Оның айтуынша, қазіргі уақытта су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізіміне түзету енгізілді, олардың саны 1 046-ға дейін артты. Сонымен қатар әкімдіктер тиісті іс-шараларды қаржыландыру мәселесін елемей отыр, осыған байланысты іс-шаралар уақытылы орындалмай қалуы мүмкін.

Өңірлерде жол картасы іс-шараларының іске асырылу барысы туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев және Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов баяндады.

Көктемге қазірден дайындалу керек – Смайылов

Премьер-министр Жол картасының осы жылға арналған іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтауды жеделдетуді, су басып қалатын қауіпті жерлерді ғимараттар салуға беріп қоймау үшін оларды судан қорғау белдеулеріне уақытылы ауыстыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ тиісті құрылыс нормалары мен ережелерінде жауын-шашын кәріздері жүйелерінің өткізу қабілеті нормаларын қайта қарауды тапсырды.

Келесі көктемде су тасқынына дайын болу үшін қазірден-ақ қомақты қаржы шығындарын қажет етпейтін алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Яғни өзен арналарын, арықтар мен каналдарды, дренаж жүйелерін тазарту, қорғау бөгеттерін салу және гидротехникалық құрылыстарды дайындау жұмыстарына баса назар аудару керек. Жалпы өңір әкімдері су тасқынының зардаптарын азайту мәселелерін жеке бақылауда ұстауы тиіс, — деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы