Көктем мен жазда қандай түстер сәнге енеді?

13 Наурыз 2022, 15:25
2277
Бөлісу:
Көктем мен жазда қандай түстер сәнге енеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық Who What Wear брендінің стилистері Pantone Color Institute мәліметтеріне сүйене отырып, 2022 жылғы көктемнің ең сәнді түстерін ұсынды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Сарапшылардың пікірінше, 2022 жылдың көктем-жазындағы тренд түстерінің көпшілігі өте ашық және қанық. Олардың арасында «жұмақ құсы» деп те аталатын экзотикалық гүлдің еліктіретін қызыл түсі Poinciana  бар.

Сондай-ақ осы санатқа сәнді ашық қызғылт түсті Innuendo, Dahlia (dahlia) – күлгін және Coral Rose – қызғылт сары реңктері кіреді. Ашық түстерге сондай-ақ қанық сары (Daffodil), Fragile Sprout – жасыл реңк, көктің екі реңктері (Skydiver және Super Sonic), мұзды көлдің түсі (Glacier Lake) және теңіз түсі (Harbor Blue) кіреді.

Ашық түстерді жаны сүйетіндер насыбайгүл (Basil) және попкорн (Popcorn) сияқты түстерге мән беріп қарауы керек.

Ашық пастельді ұнататындарға Spun Sugar, Gossamer Pink, ақ және ақшыл түстер ұнауы тиіс.

Стилистердің пікірінше, қанық және ашық түстердің арасы саналатын түстер қатарында Bubblegum және Orchid Bloom (орхидея гүлі) назарға іліккен.

Pantone сарапшылары ең алдымен қоғамда болып жатқан процестер мен тенденцияларды және олардың адамдарға әсерін талдайды. Келесі маусымның ең сәнді түстерін таңдай отырып, олар сән және әлеуметтік желілердегі трендтерді мұқият зерттейді және біздің заманымызға сәйкес келетін түстерді таңдайды.

Өзгелердің жаңалығы