«Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі

4 Ақпан 2024, 03:20
569
Бөлісу:
«Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі
Фото: gov.kz

Биыл 8-9 ақпан аралығында «Көктем-2024» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуын өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған шара азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін жетілдіру, басқару органдарын, күштер мен құралдарды алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындауды мақсат тұтқан.

Оқу-жаттығуға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, облыстық, қалалық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, Ішкі істер және Ұлттық ұланның әскери бөлімінен жедел топтар тартылатын болады. Республикалық оқу жаттығу штабы Ақтөбе қаласында орналасады.

3 ақпанда оқу-жаттығуды басқару штабының бастығы подполковник Кахарман Оразалиннің басшылығымен ТЖМ орталық аппаратының, Ақтөбе облысы ТЖД құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен құрылған жедел штаб мүшелерімен жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс кеңесі барысында оқу-жаттығуды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық мәселелер қаралды, жедел топтар тексеру үшін учаскелері мен бағыттарды айқындады, инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес облыста қабылданған алдын алу шаралары зерделенді.

Сонымен қатар өткізілген су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысу мақсатында Қобда ауданына комиссиялық шығу жүзеге асырылды. Өткен жылғы су тасқыны кезеңінде 79 тұрғын үй мен 3 әкімшілік ғимарат су астында қалған болатын, жергілікті атқарушы органдардың алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық деңгейі де тексерілді.

Ақтөбе облысы ТЖД дағдарыс орталығының базасында оқу-жаттығу штабы жедел тобының жұмысы жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы