«Көктем-2023» оқу-жаттығуы басталды

2 Наурыз 2023, 21:00
1540
Бөлісу:
«Көктем-2023» оқу-жаттығуы басталды
PHOTO
Фото: Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін  елімізде «2023 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдейді.

«Көктем-2023» оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі Штаб Қарағанды қаласында орналасқан. Оқу-жаттығу жетекшісі - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков.

«Көктем-2023» оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктердің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, республикалық азаматтық қорғау қызметтері, Ұлттық ұланның және Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері тартылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты су басуы ықтимал елді мекендердегі тасқын сулардың салдарын азайту болып табылады. Оқу-жаттығу азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару органдарының дайындығына келтіру туралы сигнал беруден басталды. Ағымдағы жылы оқу-жаттығуды өткізу форматы су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша бірыңғай кешенді міндеттерді шешуден тұрады.

«Көктем-2023» оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығу шеңберінде елді мекендерден қар шығару, қорғаныс бөгеттерін нығайту, су өткізу, арық және дренаж жүйсін тазарту, инертті материалдарды дайындау жүргізіледі. Барлық деңгейдегі басшыларға, төтенше жағдайларды жоюға дайындық және шешім қабылдау сигналдары жеткізілді.

«Көктем-2023» оқу-жаттығуы басталды
«Көктем-2023» оқу-жаттығуы басталды
Өзгелердің жаңалығы