Ертең, 5 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Астанада түнде және таңертең тұман.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Ұлытау облысының шығысында, орталығында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ. Оралда тұман, көктайғақ.
Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтөбеде көктайғақ.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылордада кей уақытта көктайғақ, тұман.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде тұман.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда күндіз бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні15-20 м/с-ке жетеді. Бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.
Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын.