Көкшетаулық емхана жаңа бағытта жұмыс істеуге көшті

27 Ақпан 2021, 11:41
1360
Бөлісу:
Көкшетаулық емхана жаңа бағытта жұмыс істеуге көшті
PHOTO
Фото: автордан

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңғыртудан өткен Көкшетаудағы №1 қалалық емхана жаңа бағытта жұмыс істеуге көшті.

«Viamedis» ЖШС медициналық жұмыс тобының жетекшісі Руслан Алексеевтің хабарлауынша, жыл басынан бері емхана пациенттерге ыңғайлы бағытта жұмыс істеуде. 

Емханаға жаңа жабдықтар сатып алынып, іске қосылды, жаңа бөлімшелер ашылуда. Басты міндет – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті тиімді көрсетумен байланысты барлық процестерді оңтайландыруға қол жеткізу, - деп атап өтті Руслан Алексеев. 

Оның айтуынша, бұл жұмыстар бір жылға созылады. Осы уақыт ішінде ауруханалық процестердің көпшілігін автоматтандыру, жұмыс кестесін оңтайландыру, техникалық қызметті жақсарту жоспарлануда. Әр бөлімшеде мамандандырылған орталықтар жұмыс істейтін болады. Мысалы, арнайы-терапиялық көмек бөлімшесінде эндокринология және кардиология орталықтары құрылған. 

Көкшетаулық емхана жаңа бағытта жұмыс істеуге көшті

Біз әр пациенттің барлық қызметті бір жерде алуына қол жеткізгіміз келеді. Ол үшін диагностиканы жақсарту қажет, алғашқы медициналық-санитарлық көмек шеңберінде бұл маңызды. Медициналық жабдықтар тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып таңдалады, – дейді Руслан Алексеев. 

Өткен жыл соңында емхана әйелдерді тексеруге қажетті аппараттармен толықтырылды. Скринингтерді жүргізуге цифрлық маммограф мұқият талдау жасауға мүмкіндік береді. Бұл сүт бездерінің ісік ауруларын ерте анықтауға көмектеседі. 

Қазіргі уақытта ересектер корпусында жаңа сандық рентген аппараты жұмыс істейді. Компьютерлік томография аппаратын орнатылған. Енді МРТ аппаратын орнату жоспарлануда. Қалалық емхана мамандары жаңа зертханалық жабдықты күтуде. Биохимиялық анализаторлар диагностика спектрін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. 

Көкшетаулық емхана жаңа бағытта жұмыс істеуге көшті

Мамандандырылған хирургиялық көмек бөлімшесінің эндоскопиялық орталығының жұмысы қатерлі ісікті ерте анықтауға бағытталған. Жақында орнатылған бейнеэндоскопиялық кешен ФГДС-ты пациенттер үшін барынша жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта жабдықты жеткізудің аяқталуына байланысты басым бағыт МРТ және КТ кабинеттерін жабдықтау болып табылады. Балалар мен ересектер корпустары аралығында бетон бағаналар орнатылды, тек әрлеу жұмыстары қалды. Шамамен екі-үш ай ішінде құрылыс жұмыстары аяқталады, - деп атап өтті Рулан Алексеев. 

Емхана пациенттері мекемедегі өзгерістер тұрғындар үшін өте қолайлы мүмкіндік туғызып отырғанын айтуда. 

Енді жолдамамен жүгірудің, кабинеттерден сараптама қорытындыларын жинаудың қажеті жоқ. Барлық талдау нәтижелері менің дәрігеріме түседі. Бұрын түрлі зертханаларда тест тапсыру қажет болса, қазір емханадан шықпай-ақ жүзеге асырылады. Сондай-ақ, DamuMed қосымшасы арқылы қабылдауға жазылу өте ыңғайлы, - дейді қала тұрғыны Оксана Белых.



Өзгелердің жаңалығы