Көкшетаулықтар домбыраға ескерткіш орнатты

6 Шілде 2019, 09:45
1802
Бөлісу:
Көкшетаулықтар домбыраға ескерткіш орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласының орталығында домбыраға алып ескерткіш орнатылды, деп жазады Хабар24.

Тұғырымен қосқанда биіктігі 12 метр жуықтайтын инсталляция бетон-металл конструкциясынан жасалған. Ал туынды авторы – белгілі мүсінші Манарбек Бұрмағанов. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ескерткіш демеушілердің қаражатына тұрғызылыпты.

Айта кетейік, аймақта мұндай ескерткіш алғаш рет бой көтеріп отыр.

«Бұл – үлкен қуаныш, құрмет. Осындай мүсін ашылып жатса, дәл театрдың алдында жаңа сквер пайда болып жатыр осы домбыраның арқасында, гүлденіп жатыр, ағаштар егіліп жатыр. Облысымыз әнші, күйші, батыр, жыршыларымен белгілі. Сондықтан осындай бір домбыра болса екен дедік», дейді туынды авторы Манарбек Бұрмағанов.

Өзгелердің жаңалығы