Көкшетаудағы Назарбаев көшесінде өрт гидранты жарылды

25 Желтоқсан 2023, 23:50
392
Бөлісу:
Көкшетаудағы Назарбаев көшесінде өрт гидранты жарылды
Фото: baq.kz

Көкшетауда Назарбаев көшесінде өрт гидранты жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Назарбаев көшесінде гидранттан ақау шықты. Қазіргі уақытта ақаудың себебі анықталып, жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған қала әкімдігінің хабарламасында.

Құтқарушылар мен коммуналдық қызметшілер екі сағаттан кейін апатты жойды.

Биыл қала бойынша 23 өрт гидранты ауыстырылды, келесі жылы 77-сі ауыстырылады, – деп жазды әкімдік.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы