Көкшетаудағы асфальт зауытында битум өртенді

Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды, зардап шеккендер жоқ.

 Ақмола облыстық ТЖД видеосынан скриншот 16 Тамыз 2026, 15:54
16 Тамыз 2026, 15:54
84
Фото: Ақмола облыстық ТЖД видеосынан скриншот

Көкшетау қаласының өрт сөндірушілері Ақмола облысының Зеренді ауданы мен қала шекарасында орналасқан асфальт зауыты аумағында тұтанған битумды сөндірді.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына құтқарушылар жоғары шақырту дәрежесі бойынша аттанды.

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД-ның 25 қызметкері мен сегіз техника жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – деп хабарлады ТЖД.

Наверх