Көкшетауда Қостанайдан келген есірткі жасырушы ұсталды

22 Тамыз 2023, 21:30
443
Бөлісу:
Көкшетауда Қостанайдан келген есірткі жасырушы ұсталды
Фото: polisia.kz

Ол синтетикалық есірткіні қоюмен айналысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Б.Момышұлы көшесі бойында 21 жастағы Қостанай облысының тұрғынын ұстады, одан психотроптық заты бар оқшаулағыш таспада 18 түйін табылды.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 12 грамнан асатын синтетикалық а-PVP препараты болып табылады. Күдіктінің айтуынша, ол осы жылдың 17 тамызында Көкшетауға есірткіні құпия орындар арқылы тарату үшін келген және жедел уәкілдер ұстап алғанға дейін бірнеше "есірткі салып" үлгерген. 

Қазіргі уақытта полицейлер ұсталған адамның қылмыстық байланысын және облысқа есірткі жеткізу арнасын орнатуда.

Өзгелердің жаңалығы