Көкшетауда ерекше эко-арт экспозиция ашылды

9 Маусым 2021, 17:44
3526
Бөлісу:
Көкшетауда ерекше эко-арт экспозиция ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облыстық өлкетану мұражайында «Өзгеше шынайылық» тақырыбымен ерекше эко-арт экспозициясының ашылуы өтті. «Жасыл» экономиканы негіз етіп алған көрмеде балалар көркемсурет мектебінде оқитын жасөспірімдердің шығармашылық жұмыстары, арт-нысандар ұсынылды.

Іс-шараның мақсаты – планетаны тұрмыстық қалдықтармен ластау проблемасына көпшіліктің назарын аудару.

Қоқыс полигонында не әдемі? Әрине, ештеңе жоқ деп айтады көпшілік. Бірақ жас суретшілер мен олардың тәлімгерлері басқаша пікірде. Тіпті қажетсіз қоқыстың өзінен көзге ұнамды мүсіндер жасауға болады екен. Тарихи-өлкетану музейінің ауласының сәнін келтірген бақша мүсіндері бір қарағанда құрылыс қоқыстары, пластикалық бөтелкелер, қағаз бұйымдарынан жасалды дегенге сену қиын. Мұндағы ең көзге түсетін эко-арт экспозиция – «қоқыс шелегі».

Оны құрастыру барлық ұжым музейден тысқары жерлерден тұрмыстық қалдықтарды жинады. Материалмен ешқандай проблемалар туындаған жоқ. Қалада қоқыс жеткілікті. Осы мүсіндерге қарап көпшілік қоршаған ортаның ластануы туралы ойламаса, сұрыптамаса, қажеттінің бәрін өңдей алмаса, онда біз уақыт өте келе бүкіл жерді жай ғана жұтып қоятын үлкен қоқыс жәшігіне түсетінімізді көрсеткіміз келді, – деп бөлісті Тарихи-өлкетану мұражайының табиғат және экология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Дана Сұлтан.
Көкшетауда ерекше эко-арт экспозиция ашылды

Іс-шараның құрметті қонағы Суретшілер одағының төрағасы Юрий Попов ұзаққа созылған пандемия кезеңінде мұндай көрме кішігірім мерекедей сезілгенін атап өтті.
Қазір өтіп жатқан кез келген іс-шара басқаша өмірдің басталғанын сездіреді. Қала біртіндеп қалыпты өмірге келе жатқандай. Қажетсіз болып көрінетін заттардан сұлулықты көруге және әсемдікті қалыптастыруға қабілетті ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Балалардың жұмысы ересектерді ойландыраы. Мұражайға осы бағытта әрі қарай да жұмыс істеуді, қызықты идеяларды жүзеге асыруды тілеймін. Баршамыз экология туралы бәр сәт те ұмытпауымыз керек, – деді Юрий Попов.
Көкшетауда ерекше эко-арт экспозиция ашылды

Мұражаймен жемісті ынтымақтастығы үшін балалар көркемсурет мектебінің төрт оқытушысы алғыс хаттарға ие болды.

Суретшілер одағының мүшесі Наталья Булгакова өнер мектебіндегі балалар үнемі көптеген қызықты және ерекше жобаларды жүзеге асыратынын айтады.

Көрмеге біздің тәрбиеленушілеріміздің жаңа және бұрыннан келе жатқан жұмыстары қойылған. Педагогтардың басшылығымен фанера кесектерінен ерекше «құстар» жасалды, ескі кеңестік чемодандар жаңа кейіпке енді. Қайта өңделген қағаздан және PVA желімінен – бақша мүсіндері пайда болды. Плиткалық желім, пластмассадан жасалған қызықты жұмыстар да бар. Өнер экспозициясында олар Ван Гог, Густов Климт образдарында ұсынылған. Біздің мектепте көптеген жобалар бар, олардың көмегімен біз жастардың назарын мәңгілік әдемі дүниелерге аударғымыз келеді, – дейді Суретшілер одағының мүшесі, ДХШ мұғалімі Наталья Булгакова.
Көкшетауда ерекше эко-арт экспозиция ашылды

Әдия Бекешова 2-курста оқиды. Сыныптастарымен бірге ол ерекше көрмені тамашалап, таза ауада жұмыс істеуге келген.

Менің сүйікті сабағым – сурет салу. Бүгін біз пленерге қатысып, тарихи-өлкетану мұражайының кірпіш бағанасын саламыз. Эко-арт-экспозиция ұнады. Оларды ынталы адамдар жасағанын көруге болады. Мен оқуды жақсы көретіндіктен, болашақта сүйікті кітабымның мүсінін жасап көргім келеді, - дейді жас суретші.
«Өзгеше шындық» - өнердің әмбебап және қолжетімді тілінде қазіргі заманның өткір проблемаларына назар аударады және экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететінін айтады шараны ұйымдастырушылар.

Өзгелердің жаңалығы