Карантин: Көкшетауда дүркіретіп үйлену тойын жасап жатқандар анықталды

20 Қыркүйек 2020, 07:46
1414
Бөлісу:
Карантин: Көкшетауда дүркіретіп үйлену тойын жасап жатқандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда жас жұбайлардың дүркіретіп жасаған үйлену тойында карантиндік талаптардың сақталмағаны анықталды. Бұл туралы Ақмола облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетаудағы «Шалқар» мейрамханасында өткен тойда 15 үстел ұйымдастырылған. Көпшілік жиналған шарада Ақмола облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысындағы карантиндік талаптар мүлде сақталмаған.

Бұл күн отау құрып отырған жұп үшін де, ұйымдастырушылар үшін де есте қалатын болады. Ықпал ету шаралары қолданылады. Бұл кеш үшін адамдар денсаулығымен емес, айыппұл ғана төлеп құтылады деп үміттенеміз, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы