Көкшетауда білім мекемесінен 1279 оқушы мен 79 мұғалім эвакуацияланды

18 Қазан 2023, 08:05
416
Бөлісу:
Көкшетауда білім мекемесінен 1279 оқушы мен 79 мұғалім эвакуацияланды

Көкшетауда №2 орта мектеп-лицейіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарланды. Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Департаменттің мәліметінше, жарылғыш зат туралы хабар 17 қазанда Көкшетау қалалық полиция басқармасына түскен.

Айтылған мекенжай бойынша шұғыл қызметтер, арнаулы және құқық қорғау органдарының мамандары бағытталды. Білім беру мекемесінен 1279 оқушы мен 79 мұғалім мен әкімшілік қызметшілер эвакуацияланды. Жарылғыш техниктер мен кинолог мамандар жүргізген тексеріс кезінде жарылғыш зат туралы ақпарат расталмады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы