Көкшетауда ақындар айтысы өтеді

Көкшетау қаласында алғаш рет «Бес асыл» атты республикалық ұлттық өнер байқауы ұйымдастырылады.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 09:25
Бүгiн 2026, 09:25
119
Фото: pixabay.com

Байқауға Ақмола және Атырау облыстарынан дәстүрлі өнердің үздік өкілдері қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сөз өнерінің шеберлері айтыс, дәстүрлі ән, күй, жыр және терме орындау бойынша бақ сынайды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Ақмола облысының намысын Арман Бердалин жетекшілік ететін команда қорғайды. Құрамында: Дәулет Ерлан – түре айтыс, Мұхаммед Қоңқаев – сүре айтыс, Әлібек Серғалиев – қайым айтыс, Құрмет Құралхан – «өтірік өлең».

Атырау облысының командасын Сағадат Нұрманов бастап келеді. Өңір намысын Серікбол Панабердиев – түре айтыс, Батыржан Кәдірбай – сүре айтыс, Ернұр Исахаев – қайым айтыс, Салауат Кәрімұлы – «өтірік өлең» жанрларында қорғайды.

Байқауды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын-айтыскер Аманжол Әлтаев жүргізеді.

Қазылар алқасына Қазақстанның халық жазушысы, Халықаралық айтыскер ақындар және жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін  Ерман төрағалық етеді. Сондай-ақ қатысушылардың өнерін Ахметжан Өзбеков, Серік Құсанов, Ақан Әбдуәлі, Жақсылық Кемалов, Жанғали Жүзбаев және Өміржан Көпбосынов бағалайды.

Наверх