Күдіктіні ҰҚҚКБ жедел қызметкерлері 31 қазан күні ұстады, BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны, бірнеше жыл бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны және ресми түрде еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды.
Жеке тінту кезінде құқық қорғау органдары ұсталған адамнан ақша, суық қару, синтетикалық есірткіге ұқсас зат тәркіледі. Тыйым салынған заттың құрамы мен салмағын сараптама анықтайды.
39 жастағы азамат танысынан 400 мың теңге талап еткені және бас тартқан жағдайда зорлық-зомбылық жасаймын деп қауіп төндіргені белгілі болды.
ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Одан әрі жедел және тергеу іс-шаралары болады. Тергеу кезеңінде күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамалды, - делінген Polisia.kz хабарламасында.