Көкшетау тұрғыны жалға алынған қымбат құрылғыны сатып жіберген

20 Сәуір 2022, 21:10
1209
Бөлісу:
Көкшетау тұрғыны жалға алынған қымбат құрылғыны сатып жіберген

Көкшетау тұрғыны жалға алынған қымбат құрылғыны сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айында 39 жастағы қала тұрғыны Көкшетау қаласының Полиция басқармасына алаяқтық әрекеттер туралы жүгінген. Ер адамның сөзі бойынша белгісіз адам одан жалған құжаттармен қымбат электр құрылғысын жалға алып, кейіннен қайта сатқан. Шығын 500 мың теңгені құрады. Белгілі болғандай, қаскүнем біреудің жүргізуші куәлігін кепілге қалдырған. 

Аталған өтініш бойынша криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар іздестіру және арнайы іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде 28 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталды. Жедел уәкілдер құжаттардың нақты иесін анықтады, ол өзінің жеке құжаттарын шынымен жоғалтқанын, бірақ бірден қалпына келтіргенін түсіндірді.

Белгілі болғандай, шамамен екі жыл бұрын жас жігіт басқа адамның құжаттары бар пакетті тауып алған, бірақ оны иесіне қайтармаған. Осы құжаттарды өз қалауы бойынша пайдалануға шешім қабылдаған: жарнамалық сайттан құрылыс құралдарын сату және жалға беру туралы хабарландыру тауып алып, сатушымен хабарласып, дизель генераторын жалға алуға келіскен. 

Қаскүнем қымбат тұратын аппарат үшін кепіл ретінде табылған жүргізуші куәлігін қалдырған. Алдау жолымен алынған генераторды қала тұрғыны кейіннен қайта сатқан. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы