Көкшетау қаласында заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылып жатыр

4 Қараша 2020, 01:25
1329
Бөлісу:
Көкшетау қаласында заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласында заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылуда. Қазір Абылайхан даңғылы бойында осындай үш аялдама бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, аялдаманы орнатуды қала әкімдігінің тапсырысы бойынша мердігер «Дизайн сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып отыр. Жыл соңына дейін қала көшелерінің бойында жаңа 17 аялдама орнату жоспарланған. 

Жаңа аялдамаларды орнатудың да өз реті, тәртібі бар. Аралық өлшемдерін мөлшерлегенде ең алдымен, жолаушылардың ағымы ескеріледі. Жаңа аялдамалар жолаушылар үшін ыңғайлы. Аялдамаға қазақтың оюымен безендірілген және атауы жазылатын тақтайша орнатылып, қоғамдық көлік бағыттарының жүру сызбалары көрсетіледі. Сауда сөресі, қоқыс контейнері мен орындықтың болуы да қарастырылған, – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Өзгелердің жаңалығы