Көкше жерінде «Рәміздер — ел беделі!» атты кездесу өтті

17 Қыркүйек 2022, 18:57
1688
Бөлісу:
Көкше жерінде «Рәміздер — ел беделі!» атты кездесу өтті
PHOTO
Фото: автордан

Көкшетау қаласында Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен «Рәміздер — ел беделі!» атты кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы және Ақмола облыстық әкімдігінің қолдауымен  өткізілген іс-шара Рәміздердің 30 жылдығына арналып отыр.

Шараның мақсаты Рәміздердің 30 жылдығына байланыс­ты Ақмола жастарымен Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековты кездесу жұмыстарын жүргізіп, әрбір жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті,патриоттық сезімді ояту. Рәміздер пат­риоттық сананың қалыптасуына да ті­ке­лей әсер етеді, - деді Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Байжұма.

Киелі Көкше  жерінде біздің бабаларымыз С.Сейфуллин, Ш.Уәлиханов, Абылай хан сияқты киелі тұлғалар өткен. 

Осындай қасиетті мекенде жастармен кездесіп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру мақсатында өткізілген келелі кездесулер жастарға үлгі болып, оң нәтиже қалыптастырады деп сенеміз,- деді Елтаңба авторы, профессор Жандарбек Мәлібекұлы.

Сапар аясында   облыстық  «Көкше» телеарнасының «Руханият» бағдарламасына сұхбат беріп, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасында ақын-жазушылар мен студент жастармен және БАҚ өкілдерімен кездесті.

Қонақтарды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов қабылдап, Көкше жеріне сапарлай келгендеріне алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы