Көкпекті ауданындағы қарлы бораннан құтқарылғандар саны 140-қа жетті

16 Ақпан 2024, 16:07
557
Бөлісу:
Көкпекті ауданындағы қарлы бораннан құтқарылғандар саны 140-қа жетті
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта қар құрсауынан шамамен 140 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Қалбатау ауылына жеткізілді. Шұғыл медициналық көмек қажет болған жоқ. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, "Омбы-Майқапшағай" республикалық автожолының "Байбура" және "Барс" учаскелері арасындағы боран салдарынан 70-тен аса көлік жолда қалып қойған. Бұған дейін МИ-8 тікұшағындағы құтқарушылар Қалбатау ауылынан әйелдер мен балаларды эвакуациялаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы