Көкпаршылар мен палуандар мемлекеттік марапатқа ие болды

26 Қазан 2022, 16:45
1097
Бөлісу:
Көкпаршылар мен палуандар мемлекеттік марапатқа ие болды

Алматыда Республика күні ұлттық мерекесіне орай мемлекеттік марапатты табыстауға арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және өнер қайраткерлерінен басқа ұлттық спорт спортшылары – палуандар мен шабандоздар, соның ішінде Түркияда өткен IV дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары аталып өтті. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша мемлекеттік марапатты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев табыс етті.

Біз бұл күнге дамудың бірыңғай даңғыл жолымен жеттік деп айта алмаймыз. Тар жол тайғақ кешулер болды. Сондықтан да Мемлекет басшысының Ұлттық мереке мәртебесін дәл осы күнге қайтару шешімі әділдіктің салтанат құру актісі деп санауға болады,-деп атап өтті Дәурен Абаев марапаттау рәсімі барысында. 

Сондай-ақ, шығармашылық одақтар төрағасы, актерлер мен режиссерлер, ақын - жазушылар, композиторлар, театр артистері, суретшілер, анимация режиссерлері, музей қызметкерлері және тағы басқалар Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталды.

 Мәдениет және спорт министрлігі шығармашылық одақтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті. Біз әркез ұтымды ұсыныстарға ашықпыз және қызықты және келешегі зор жобаларды қолдауға дайынбыз. Осыған дейін сіздермен бірнеше рет кездесу өткіздік, өзекті мәселелерді талқыладық және шешімдерді бірлесіп әзірлеп жатырмыз. Министрлік осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады, - деді министр Дәурен Абаев. 

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ шығармашылық одақтармен және қауымдастықтармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Өзгелердің жаңалығы