Көкпардан ұлттық құрама АҚШ командасын жеңді

Бүгiн, 11:55
162
Бөлісу:
Көкпардан ұлттық құрама АҚШ командасын жеңді
Фото: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары Дирекциясы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ-тан келген көкпаршыларды 12-4 есебімен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр.

Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия. Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Өзгелердің жаңалығы